Әуеде ұшып бара жатқан ұшақтан өрт шықты (Видео)
Әуеде ұшып бара жатқан ұшақтан өрт шықты (Видео)

Әуе кемесінің бортында екі жүз жетпіс жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болған.

Жапонияда қозғалтқышы өртенген ұшақтың әуежайға қонған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жапониялық ANA (All Nippon Airways) әуе компаниясына тиесілі Boeing 767 ұшағы әуежайға қайтып оралуға мәжбүр болды.


Ұшақ Фукуока әуежайынан Токиодағы Ханэда әуежайына ұшып шыққан. Алайда оң жақ қозғалтқышынан өрт шығып, лайнер бір сағаттан кейін Фукуока әуежайына қонды.

Ұшақ бортында 270 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ.

https://youtu.be/LYgdJYrH0B8