Uly Dala Jastary: Жеңімпаздар Жүргенов академиясына емтихансыз оқуға қабылданатын болды
Uly Dala Jastary: Жеңімпаздар Жүргенов академиясына емтихансыз оқуға қабылданатын болды
242
оқылды

Конкурсқа қатысушылардың өнерін тәуелсіз төрағаның басшылығымен жоғары білікті әділқазылар саралады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры А.Алишева қазылар алқасының төрағасы болды. Сондай-ақ Жүргенов академиясының ұстаздары төрелігін айтты. Аталған өнер бәйгесіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен үміткерлер қатысқан.  Байқаудың ерекшелігі – жеңімпаздар (І дәрежелі лауреаттар) Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-на шығармашылық емтихансыз қабылданатын болды.

«Жүргенов академиясында білім алу арманым еді. Осы конкурсты мүмкіндік алаңы деп, бағымды сынап көруге шешім қабылдадым. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Жүлделі бірінші  орынды алғанымды естіген кездегі қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», – дейді жеңімпаз Аяжан Қуатқызы.

Сонымен, байқау жеңімпаздары белгілі болды.   Жүргенов академиясы, би, жарыс, байқау

«Хореография педагогикасы» дайындық бейіні бойынша:             

1 орын – Бейбітова Аяжан Қуатқызы (Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі) 2 орын – Уахитова Гүлнұр Еркінқызы (Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі)

«Қазіргі заманғы хореография педагогикасы» дайындық бейіні бойынша»:

1 орын – Дүзелбек Нұрдана Ермекбайқызы (Тәттімбет атындағы  Қарағанды өнер колледжі) 2 орын – Тұрысбекова Сая Ерікбекқызы ( М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің түлегі) 3 орын – Ғұмар Диана Маратовна (Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі)

«Балетмейстерлік өнер» дайындық бағыты бойынша»:

1 орын – Жаксылықова Аида Мауленовна (А. Селезнев атындағы  Алматы хореографиялық училищесінің түлегі).