WhаtsApp желісі арқылы таралған бейнероликте доңызды азаптағандар ұсталды (Видео)
WhаtsApp желісі арқылы таралған бейнероликте доңызды азаптағандар ұсталды (Видео)

Енді олар жануарға қатігездік танытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Ақтөбе облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде жануарға қатыгездік таныту фактісін тіркеген.

WhаtsApp мессенджерінде таралған бейнероликте белгсіз азаматтар "Лада-21214" маркалы көлікпен қабанды қағып, күрекпен сабаған. Тексеріс барысында бейнероликтің 16 желтоқсан күні Алға ауданында түсірілгені анықталды.

Аталған дерек бойынша ұсталған сол ауданның екі тұрғыны кінәларын мойындап отыр. Олар Алға қаласынан 25 шақырым қашықтықта қабанды қағып кеткендерін айтып берді. Жаралы жануар жол жиегіне қарай қашып кетпек болған. Алайда жігіттер оны қуып жетіп тағы да көлікпен қағады. Шала жансар жануарды көлікпен басып тұрып күрекпен соғып алыпты.
Аталған факті бойынша заңсыз аң аулау және жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

https://youtu.be/yfz5yYEjl-4