Қазақстанда 7 өңір «қызыл» аймаққа енді
Қазақстанда 7 өңір «қызыл» аймаққа енді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр.

21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта енді. Атап айтқанда, «қызыл» аймақта – Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы.   коронавирус, қызыл аймақ, Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан Ал «сары» аймақта Қарағанды, Алматы облысы мен Алматы қаласы бар. Шығыс Қазақстан «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. Бірақ кеше «сары» аймақта болған Батыс Қазақстан бүгін «қызыл» аймақтар қатарына қосылды. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта орналасқан.

Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде коронавирустың таралу қаупі жағынан «сары» аймақта тұр.