Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр.
21 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 1 қаласы «қызыл» аймақта енді. Атап айтқанда, «қызыл» аймақта – Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы.Ал жалпы Қазақстан халықаралық деңгейде коронавирустың таралу қаупі жағынан «сары» аймақта тұр.