Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Nur Otan Nur Otan-ның жаңа депутаттары

Жастардың көшбасшысы

Абылайхан ЖҰМАШ
Қаңтар 20, 2021
Nur Otan-ның жаңа депутаттары, Жаңалықтар, Қазақстан
Елнұр
286
қаралым

Бастапқыда жастар қозғалысынан бастау алып, бүгінгі таңда жастардың ірі саяси ұйымына айналған Jas Otan Жастар қанатын жүз мыңнан астам белсенді жастарды біріктіріп отырған үлкен жанұя десек те болады. Ал сол ауызбіршілігі жарасқан ұйымды бүгінге дейін Елнұр Бейсенбаевтай білікті азамат басқарды. Ол бұған дейін «Болашақ» РҚ жастар қанатының жетекшісі, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі секілді бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. Сондықтан да шығар оған Қазақстандағы жетекші ұйымның басшылық қызметі зор сеніммен тапсырылды.

Жастармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол Елнұрдың басшылыққа келуінің өзі әлемдік індеттің белең алуымен тұспа-тұс келді. Ол пандемия кезінде қажырлы еңбегімен, әр істе командасын жұдырықтай жұмылдыра білуімен ерекшеленді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен BizBirgemiz акциясы аясында жасотандықтар мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жәрдемін аямады. Бір ерекшелігі осындай ауқымды жұмысты жүзеге асыруда Jas Otan бүкіл ел бойынша 5 мыңнан астам еріктіні жұмылдыра білді. Жасотандық еріктілердің көмегімен 250 мыңнан астам мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері мен гигиеналық жабдықтар, 100 мың отбасыға 5 млн медициналық маска, сондай-ақ 3 мың жалғызбасты қарт адамдарға күнделікті ыстық тамақтар таратылды. Сонымен қатар су тасқыны салдарынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсету мақсатында 500 ерікті көмекке келді. Осындай сауабы мол, үлкен қажыр-қайратты, ерік-жігерді қажет ететін жұмыстардың бәрі Jas Otan Жастар қанаты жетекшісінің жетекішілігімен жүзеге асты. Бір сөзбен айтқанда, «Еріктілер» жылында Елнұр іскер басшы ретінде ерекше еңбегімен көзге түсіп, елдің ыстық ықыласына бөленді.

Бүгінде аталған ұйымның «Ардагерлерді ардақтайық», «Еріктілер мектебі», «Кеңес орталығы» және т.б. көптеген іргелі жобалары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Сәтті қадам» және «Жастар кадрлық резерві» жобалары іске асырылды. Nurintech жобасы аясында 3 мың жас ғалымға қолдау көрсетілді, English for Jastar жобасы аясында 9 мың ауыл оқушысы ағылшын тіліне тегін оқытылды. Жыл сайын жастарға арналған Jastar-Otanga! саяси лагері жүзеге асырылып, 5 жыл ішінде 2 мыңнан астам жастар көшбасшыларды дайындады. Осындай ауқымды жұмыстардың сәтті жүзеге асырылуы Jas Otan Жастар қанатының да беделін асқақтата түсті.

Қазақша жарнама түзелуі тиіс

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары елорданың зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Экс-депутаттар қайда жүр?

Елнұр

Ұйым жеткшісі Елнұр Бейсенбаев «Еріктілер» жылының жабылу салтанатында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан Алғыс хат алды. Ал Jas Otan Жастар қанаты «Жомарт жүрек» сыйлығы аясында «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» номинациясын иеленді.

– Атқарылған жұмыстардың бірден-бір нәтижесі – бүгінгі жетістігіміз. Бұл барша жасотандықтардың ортақ еңбегінің жемісі деп білемін. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, одан әрі еліміздің игілігі мен жастардың болашағын нықтауға бірлесе отырып жұмыс істеуді жалғастырамыз, – деген болатын Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі.

Күні кеше өткен Саулаудың қорытындысы бойынша Nur Otan партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жетекші партиядан Мәжіліс депутаттары ретінде тіркеуге ұсынылған 76 мандаттың тізімі жарияланып, бекітілді. Олардың арасында Елнұр Бейсенбаев та болды. Jas Otan-да жауапты қызмет атқарып, жарқын істерімен көп үлгі болған ол Мәжіліс сайлауының қорытындысы бойынша су жаңа Мәжіліс депутаты атанды. Nur Otan партиясы Фракциясының құрамы 70 пайызға жаңарып, оның орташа жасы – 49-ға жетті, яғни, 4 жылға жасарды. Бұл да жігерлі, жалынды жастарға берілген үлкен мүмкіндіктердің бірі болды.

«Бітер істің басында, жақсы жүрер қасында» деп халқымыз бекер айтпаса керек-ті. Әр ісіне ыждағаттылықпен қарайтын Елнұрдың алдағы мақсат-жоспарлары да ауқымды әрі айқын. Біз осы ретте өзің секілді егемен елдің еркін өскен өскелең ұландарын тәрбиелейтін үздік жетекшілердің, білікті басшылардың қатары көбейе берсін деген тілек білдіреміз!

Елнұр

 
Тегтер: Jas OtanдепутатЕлнұрМәжіліс
Алдыңғы жаңалық

Қалтасы қалың легионерлер «Қайратта» көп

Келесі жаңалық

Дубайдан келген жолаушыдан коронавирус анықталды

Ұқсас жаңалықтар

адам
Жаңалықтар

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 2021
Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Жаңалықтар

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 2021
Мәди Манатбек
Жаңалықтар

Белгілі журналист Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 2021
Мемлекет басшысы Қазақстанның Италия  мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады
Жаңалықтар

Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 20:24

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 20:04

Белгілі журналист Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 19:41

Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Ақпан 26, 19:33

Соттардың Конституциялық кеңеске өтініш беруі мәселелері талқыланды

Ақпан 26, 19:16

Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады

Ақпан 26, 19:06

7 өңірде ескерту жарияланды

Ақпан 26, 18:43
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

адам

Адамды өлтіріп, басын кесіп алған ер адам ұсталды

Ақпан 26, 2021
Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»