Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Nur Otan

Nur Otan Мәдениет министрлігінен қазақ тілінде сапалы контент жасауды талап етеді

"Айқын" ақпарат
Қаңтар 21, 2021
Басты жаңалықтар, Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан, Мәдениет
Мәдениет министрлігі
151
қаралым

Елордада Nur Otan партиясының қолдауымен Disney/Pixar студиясының «Жан» анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл – «Болашақ» қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында мемлекеттік тілде дубляждалған 36-шы кинокартина.

Мәдениет министрлігі

– Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған «Өзіңнен баста» әлеуметтік жобасының 10 жылдығы тұспа-тұс келіп отыр. Осы жылдар ішінде жобаға демеушілер мен меценаттар жалпы алғанда 1,4 млрд теңгеге жуық қаражат бөліп, соның арқасында біз әлемдік 36 көркем және анимациялық фильмдерді ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне дубляждадық. Осы орайда айта кетерлігі, мұның барлығы Мәдениет министрлігінің ешқандай қолдауынсыз жүзеге асты. Балалар үшін мемлекеттік тілде сапалы әрі бәсекеге қабілетті контент жасауға жауапты уәкілетті орган болашақтықтардың қоғамдық бастамасын одан әрі жалғастырады деп ойлаймын, – деді Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары және «Болашақ» қоры қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі Бауыржан Байбек.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, Nur Otan Мәдениет министрлігінен осы бағытта тиісті жұмысты талап ететін болады.

Жалпы, өзінің сайлауалды уәделерін іске асыру аясында билеуші партия мемлекеттік тілдің барлық салада кеңінен қолданылуына, қазақ тілінде оқытатын мектептер мен балабақшалардың көбеюіне ықпал етуді, сондай-ақ, дәстүрлі мәдениет пен ұлттық спорт түрлерін қолдауды одан әрі жалғастырады.

ҚызҰПУ профессоры 54 миллион теңгелік ғылыми жобаны жеңіп алды

Volkswagen ұшатын көліктерді шығаруды жоспарлап отыр

Болашақ – қазақ тілінде

Мәдениет министрлігі

«Болашақ» қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова атап өткендей, қор бұрынғысынша кинокартиналарды мемлекеттік тілде тең ұсыну мәселесімен белсенді айналысады.

– Уақыт өте келе «Жан» шетелдік киноның қазақ тіліндегі классикасына айналады деп ойлаймын. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін қазақ тіліндегі киноға тең қолжетімділіктің өзектілігі сақталуда. Уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдауы үшін біз бұл мәселені барлық алаңдарда одан әрі көтере береміз, – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, «Өзіңнен баста» жобасын жүзеге асыру барысында «Мұзды өлке-2», «Кек алушылар: Альтрон дəуірі», «Батыл жүрек», «Коко құпиясы», «Моана», «Малефисента», «Аладдин» сияқты және т.б. картиналар қазақ тіліне дубляждалды.

Жобаның арқасында 100-ден астам отандық актер Walt Disney Pictures-тің дауыстық базасына енді. Қазақ тілі түрік тілінен кейінгі дубляждағы екінші түркі тілі және Walt Disney компаниясының тарихындағы 39-шы тіл болды.

Мәдениет министрлігі

Жоба тарихында алғаш рет «Жан» фильміне дубляж жасауға кастингке тек бір ғана Нұр-Сұлтан қаласының өзінен 20 актер қатысты. Дегенмен, кәсіби актерлік құрам іріктелді. Мысалы, басты кейіпкер Джо Гарднерді жобаға көптен бері қатысып жүрген талантты актер Дәурен Серғазин дыбыстады. Бұған дейін оның дауысымен «Алладин» фильміндегі Жын, «Арыстан патша» фильміндегі сурикат Тимон және Дисней студиясының басқа да танымал кейіпкерлері сөйлеген еді. Сонымен қатар, дубляжға Данияр Сванқұлов, Меруерт Ермекбаева, театр және кино әртісі Майра Омар қатысты.

Титрдегі «Өмір ғажап» әнін Mona Songz деген атпен танымал қазақстандық орындаушы Манарбек Жұматай орындады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған анимациялық фильмді жақын арада Интернет желісінде көруге болады.

 
Тегтер: анимациялық фильмболашақЖанМәдениет министрлігіМеломан
Алдыңғы жаңалық

Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

Келесі жаңалық

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Ұқсас жаңалықтар

"Тараз"
Жаңалықтар

«Тараз» Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 2021
Ақтөбе
Жаңалықтар

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Наурыз 1, 2021
ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да өз өмірін қатерге тіккен тәртіп сақшысы марапатталды

Наурыз 1, 2021
КамАЗ
Жаңалықтар

Жер астына түсіп кеткен КамАЗ: Алматының бір бөлігі жылусыз қалды

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тараз» Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 00:20

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Наурыз 1, 23:25

ШҚО-да өз өмірін қатерге тіккен тәртіп сақшысы марапатталды

Наурыз 1, 22:59

Жер астына түсіп кеткен КамАЗ: Алматының бір бөлігі жылусыз қалды

Наурыз 1, 22:19

Коронавируспен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады

Наурыз 1, 21:35

БҚО-да карантин шаралары жеңілдетілді

Наурыз 1, 20:56

Алматыда автобус апатынан 57 жастағы әйел мерт болды

Наурыз 1, 20:29
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

"Тараз"

«Тараз» Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 2021
Ақтөбе

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»