Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр
Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр
128
оқылды

Фотоны Instagram-да кәсіби боксшы Жанқош Тұраров жариялаған болатын. Кейін боксшы жазбасын өшірді. Қызыл кітапқа енген аң терісінің суреті көпшіліктің ашуын туғызды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Алматы полициясы тексеруді бастады.

«Біздің міндетіміз – Қызыл кітапқа енген жануарларды тұрмыстық мақсатта қолдану емес, керісінше оларды қорғау, олардың популяциясын сақтап қалу. Бұл суретте қар барысы, ілбіс, арыстанның тұлыбы түскен. Суреттегі қар барысының терісіне қатысты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің Алматы облыстық территориалдық инспекциясы құқық қорғау органдарына шағымданып, тиісті шара қолданамыз. Бұл мәселені бақылауға алып, азаматтардың назарында ұстайтын боламыз. Қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Оны аулауға қатаң тыйым салынған», – деді Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Фотоларды тексеріп, 20 қаңтарда №03-10/86 хатпен Полиция департаментіне жолдады.

Бұған дейін академия президенті фотодағы аң терісі, тұлыптарға қатысты құжаттары бар екенін айтқан болатын.