Президент куәлігін ұмытып кеткен жүргізушілерді жазаламауды ұсынды
Президент куәлігін ұмытып кеткен жүргізушілерді жазаламауды ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жақын арада осы мселені шешуі тиіс екенін жеткізді.

Бұл туралы ҚР президенті 20 желтоқсан күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтқан болатын.

«Жүргізушілердің бәрі өзімен бірге жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін, техникалық паспорт пен жол парағы сияқты көптеген құжаттарды алып жүреді. Ал, олардың біреуін ұмытып кетсе жазаланады», – деді ол

Мемлекет басшысының айтуынша биылғы 11 айда осындай фактілер бойынша 80 мың азамат жазаға тартылған.

«Үкімет жақын арада бұл мәселені шешуі тиіс. Қажет болған жағдайда заң актілеріне өзгеріс енгізсін», – деді Тоқаев.