Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

5 жылда тұрғын үй мен азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Aikyn.kz тұрғын үй нарығы мен азық-түлік бағасының қалай өзгергенін зерттеп көрді. Қазақстандағы жаңа тұрғын үйдің бағасы кейінгі 5 жылда 19,4% өскен. Тұрғын үйдің қазіргі бағасын 2010 жылдағы көрсеткішпен салыстырсақ, 116,6%-ке қымбаттаған. Ал азық-түлік тауарларының ішінде қатты қымбаттаған тауарлардың бірі – күнбағыс майы. Оның бағасы 104,6% өскен. Тұрғын үй мен азық-түліктің қымбаттауына не әсер етті? Экономист Мақсат Сералы түсіндіріп берді.

Мейірім Бақытжанова
Қаңтар 21, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан, Экономика
Тұрғын үй мен азық-түлік бағасы

Тұрғын үй мен азық-түлік бағасы

135
қаралым

Қазақстандағы жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа бағасы 2020 жылдың желтоқсанында 307,6 мыңға бағаланды. Оны 2010 жылдағы тұрғын үй бағасымен салыстырсақ, 116,6 %-ке өскені анықталды. Ал 2015 жылдағы көрсеткішпен салыстырсақ 19,4%-ке өскен. Абаттандырылған үйдің шаршы метрінің бағасы кейінгі 5 жылда 20%-ке, 10 жылда 118%-ке өскен.

Тұрғын үйдің қымбаттауына не әсер етті?

Экономист Мақсат Сералының пікірінше, кез келген тауарға сұраныс көбейген сайын оның бағасы да қымбаттайды. Сондықтан тұрғын үйдің қымбаттауына әкелетін бірден-бір фактор – сұраныстың артуы.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы неге қымбаттап жатыр?

Ақтөбе облысында тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспана бағасы қанша болады?

«Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс жыл сайын артып жатыр. Мысалы, жыл сайын Қазақстан бойынша 20 мың пәтер беріледі. Ал негізгі сұраныс бойынша 200 мың көлемінде пәтер қажет. Демек сұраныстың 10%-і де қамтылған жоқ. Сондықтан үйге сұраныс артып, баға да өсе береді»,– дейді ол.

Экономистің айтуынша, тұрғын үй бағасының қымбаттауына әсер етуші – делдалдар. Қалталы азаматтар үйдің құрылысы жүріп жатқанда, тіпті, іргетасы қаланған сәтте арзанға сатып алады да, құрылыс біткен соң қайта сатады.

«Делдал үйдің бағасына кем дегенде 15-30% көлемінде өзінің үстемесін қосады. Ол тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуіне әсер етеді. Бұл мәселені мемлекет қолына алуы керек. Көптеген тұрғын үй кешеніндегі тұтас подъезді, 20-30 үйді бір адамның өзі сатып алып жатқа жағдайларды жиі естиміз. Ал оның қарапайым адамдарға зияны тиеді. Мысалы, қарапайым, жас маман мемлекеттік бағдарламамен үй алғысы келеді. Сөйтіп құрылысы біткен жаңа тұрғын үй кешеніне барады. Ал ол кешендегі үйлер сатылып қойған. Бірақ мемлекеттік бағдарлама талабы бойынша тұрғын үй бұрын ешкімге сатылмаған, жаңа болуға тиіс. Ал жаңа үйлердің көбін делдалдар алып тастаған, баға да ұшып тұр. Мұндай кезде жас маман «Отбасы банкі» арқылы 50%-ін толтырып, қымбат бағаға алуға мәжбүр болады», – дейді экономист.

Мақсат Сералы мемлекеттің тұрғын үй нарығындағы бағаны қадағалау процесіне көшуі керек деп есептейді. Ол эконом кластағы үйлерді мемлекеттің өзі салу арқылы, бағаны арзандатуға мүмкіндік болатынын айтты.

«Эконом кластағы үйді салуға кететін құрылыс тауарларының 90%-і отандық өнім. Сондықтан тауар бағасы қымбат болмауы керек. Мысалы, Алматыдағы сондай үйлердің 1 шаршы метрінің өз құны 90-120 мың арасында, оған құрылыс компаниясы кем дегенде 30% үстемесін қоссын. Сонда үйдің шаршы метрі 160-180 мың теңге арасында болуы керек. Бірақ шаршы метірінің бағасы 250 мың және одан жоғарыға сатылып жатыр.   Осы мәселені мемлекет қадағалауы керек. Эконом кластағы үйлерді жергілікті әкімдіктер эконом тұрғын үй қағидасы бойынша соқса, бағаны арзандату мүмкіндігі де бар», – деді ол.

Азық-түлік тауарлары неге қымбаттайды?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде күнбағыс майы мен бірінші сортты бидай ұны қатты қымбаттаған. Күнбағыс майының 1 литрі 2015 жылы 291 теңге болса, осы жылы қаңтарда орташа есеппен 595,6 теңгеге сатылып жатыр. Сонда майдың бағасы бес жылда 104,6%-ке өскен.

Қатты қымбаттаған азық-түлік тауарының тағы бірі – бірінші сортты бидай ұны. Оның бағасы бес жылда 87,6%-ке өскен. «Бұл өнімдер Қазақстанда жеткілікті өндірісе де, бағасы неге өседі?» деген заңды сұрақ туындайды. Мұны Мақсат Сералы былай түсіндірді: «Біздің елде өндірілетін күнбағыс майының көп бөлігі Қытайға, бидай Ауғаныстанға экспортталады. Отандық өндірушілерге өнімін Қазақстанда сатқанға қарағанда, экспортқа шығарса, әлдеқайда жақсы пайда табады. Мысалы, еттің келісі Қазақстанда 1200-2000 теңге болса, шетелде 3500-5000 теңгеге барады. Сондықтан, отандық өнім көп экспортталса, ішкі нарықта тауар жетіспеушілігі байқалады да, баға өседі».

Экономистің айтуынша, Қазақстан шетелдің азық-түлік тауарларына әлі де тәуелді. Ал шетелден әкелінген тауар АҚШ доллар валютасымен алынады. Сондықтан тауардың құны шетелден ішкі нарыққа кіргенде қымбаттайды.

«Азық-түліктің қымбаттауына елдегі инфляция деңгейі де әсер етеді. Нарықтық экономика болғасын инфляция деңгейі өте қатты жоғары. Сондықтан ақша құнсызданады, баға өседі. Ол – заңдылық. Азық-түлік бағасын тұрақтандырудың бір жолы – отандық тауар өндірушілердің санын көбейту. Ол ұзақ процесс, әрі жүйелі жұмысты қажет етеді. Екінші жолы – үлкен қоймалар соғу. Өнімді сақтау арқылы бағаны белгілі бір деңгейде ұстап тұруға болады. Бұл да ұзақ процесс» – дейді Мақсат Сералы.

Оның пікірінше, елдегі азаматтардың жалақысының көтерілуі де нарықта бағаның өсуіне әсер етеді.

 
Тегтер: азық-түлікимпортМақсат Сералыотандық өнімтұрғын үйэкономистэкспорт
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанның бірқатар өңірінде күн күрт суытады

Келесі жаңалық

Арман Жұмабеков Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

"Тараз"
Жаңалықтар

«Тараз» Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 2021
Ақтөбе
Жаңалықтар

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Наурыз 1, 2021
ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да өз өмірін қатерге тіккен тәртіп сақшысы марапатталды

Наурыз 1, 2021
КамАЗ
Жаңалықтар

Жерастына түсіп кеткен КамАЗ: Алматының бір бөлігі жылусыз қалды

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Тараз» Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 00:20

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Наурыз 1, 23:25

ШҚО-да өз өмірін қатерге тіккен тәртіп сақшысы марапатталды

Наурыз 1, 22:59

Жерастына түсіп кеткен КамАЗ: Алматының бір бөлігі жылусыз қалды

Наурыз 1, 22:19

Коронавируспен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады

Наурыз 1, 21:35

БҚО-да карантин шаралары жеңілдетілді

Наурыз 1, 20:56

Алматыда автобус апатынан 57 жастағы әйел мерт болды

Наурыз 1, 20:29
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

"Тараз"

«Тараз» Еркебұлан Сейдахметтің трансферіне қатысты мәлімдеме жасады

Наурыз 2, 2021
Ақтөбе

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»