Айдос Ербосынұлы қарсыласын нокаутқа түсірді
Айдос Ербосынұлы қарсыласын нокаутқа түсірді
138
оқылды

Осылайша отандасымыз үш белдігін қорғап қалды.

Жекпе-жек Ресейдің Красноярск қаласында өтті. Қазақ боксшысының қарсыласы Венесуэалық Омар Гарсия кәсіпқой рингте 17 кездесу өткізіп, оның он бесін жеңген. 12 қарсыласын нокаутқа түсірген.

Он раундқа жоспарланған титулдық жекпе-жекте Айдос Ербосынұлына тиесілі WBO Global, WBC Asia и WBA International белдіктері сарапқа түскен болатын. Алайда кездесу сегізінші раундта аяқталды. Төреші Айдостың ауыр соққыларынан есеңгіреп қалған Омар Гарсияы арашалап алуға мәжбүр болды.

Бұл отандасымыздың кәсіпқой мансабындағы он үшінші жекпе-жегі болатын. Енді Айдос Ербосынұлының қоржынында он үш жеңіс, тоғыз нокаут бар.