Атырау мен Түркістанның арасында ұшақ қатынайтын болды
Атырау мен Түркістанның арасында ұшақ қатынайтын болды

FlyArystan әуекомпаниясы 28 наурыздан бастап Атырау-Түркістан-Атырау бағытындағы жаңа рейсті іске қосады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа рейс аптаның жұма және жексенбі күндері орындалады. Билет бағасы 8999 теңгеден басталады. Сондай-ақ әуекомпания тағы да 4 бағытта жаңа рейстерді орындауды бастайды.
  • Ақтау-Қызылорда-Ақтау 7999тг* бастап (17 наурыздан бастап ср, жк күндері)
  • Шымкент-Орал-Шымкент 10 999 тг* бастап (1 мамырдан бастап сс, бс, сб күндері)
  • Шымкент-Ақтөбе-Шымкент 8999 тг* бастап (1 мамырдан бастап сс, бс, жк күндері)
  • Шымкент-Семей-Шымкент 7999 тг* бастап (2 мамырдан бастап дс, ср, жк күндері)
Жаңа уникалды бағыттарға билеттер құны 7999 теңгеден басталады және де билеттерді бүгіннен бастап мобильді қосымша мен flyarystan.com сайтында алуға болады. – Бұдын былай Түркістанға екі астана тұрғындарымен қатар атыраулықтар да тез жете алады. Ал Шымкенттен Орал немесе Семейге 2 сағаттан кем уақытта ұшуға болады. Сонымен қатар Қызылорда тұрғындары авто немесе пойыз арқылы емес, жайлы Airbus A320 лайнерлерімен Ақтауға аптасына екі рет жылдам ұшып бару мүмкіндігіне ие болды, – деді әуекомпанияның коммерциялық директоры Жанар Жайлауова.