Сыртқы істер министрлігі кешегі Мадридтегі жарылысқа қатысты ресми мәлімет таратты. «Испания билігінің біздің дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, кешегі Мадридте орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ» делінген хабарламада. Кеше Мадридте болған жарылыстан кем дегенде екі адам қаза тапты. Ғимараттың жоғарғы төрт қабатына зақым келген. Полиция қоршап алған оқиға орнына Мадрид өрт сөндіру бөлімінің 9 бригадасы келіп жетті.