Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар тағайындау болды

Жаңа тағайындаулар «Nur Otan»-ның сайлауалды уәделерін тиімді жүзеге асыруға қатысты партия Лидері қойған міндеттерді ескере отырып жүргізілді.

Рая Мінап
Қаңтар 21, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты

© сурет интернеттен алынды

73
қаралым

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар кадрлық жаңартулар жүргізілді. Орталық аппараттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа тағайындаулар «Nur Otan»-ның сайлауалды уәделерін тиімді жүзеге асыруға қатысты партия Лидері қойған міндеттерді ескере отырып жүргізілді.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктің атқарушы және өкілді органдарында басшылықтағы әйелдердің үлесін 30%-ке дейін ұлғайту туралы тапсырмасын орындау аясында «Nur Otan»-ның Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева болды. Ол партияда 2007 жылдан бастап бөлім меңгерушісінен облыстық филиал төрағасының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өткен.

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Жанар Бектаева тағайындалды. Ол 2019 жылдан бастап Шымкент қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Артур Платонов Nur Otan Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды

14 мың пәтер пайдалануға беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белсенді жастарға арналған әлеуметтік лифт құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Nur Otan»-ның елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып 30 жастағы Дәулет Кәрібек тағайындалды. Ол партияның Саяси кеңесі Бюросының және Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Сарапшыдан бастап «Jas Otan» жастар қанатының төрағасына дейінгі қызметтік жолдан өтті. Соңғы жұмыс орны – Нұр-сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Алматыда партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 33 жастағы Мейіржан Отыншиев болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы болып бастаған. Соңғы 2 жылда Алматы қаласы әкімдігінің Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынуымен партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Дауыл Бейсенқұлов тағайындалды. Ол осы тағайындауға дейін Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасын басқарды.

Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Ерлан Қаналимов (Нұр-сұлтан), Станислав Канкуров (Алматы), Бахадыр Нарымбетов (Шымкент) және Жанболат Жөргенбаев (Алматы облысы) аталған өңірлер мәслихаттарының хатшылары болып сайланды.

Өз кезегінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстық филиалдары төрағасының бірінші орынбасарлары өңірлік мәслихаттардағы «Nur Otan» фракцияларының басшысы қызметін қатар атқарады.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, кадрларға қатысты мұндай шешім «Nur Otan» партиясының аймақтық сайлауалды бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру және сайлауаралық кезеңде тиісті жұмысты ұйымдастыру бойынша партия басшылығы қойған міндеттерге толық жауап береді.

 
Тегтер: Nur Otanпартиятағайындау
Алдыңғы жаңалық

Шахтаға түскен әкім шахтерларды таңғалдырды

Келесі жаңалық

Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Ұқсас жаңалықтар

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды
Жаңалықтар

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 2021
диплом
Жаңалықтар

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 2021
Алматы облысы
Жаңалықтар

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 2021
Алматы облысы
Жаңалықтар

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 16:21

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 16:10

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 15:58

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 15:46

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ақпан 26, 15:18

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді

Ақпан 26, 14:29

Ішімдікке салынып, инеге отырған ата-ананың баласына кім жауапты?

Ақпан 26, 14:15
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 2021
диплом

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»