"Ордабасы" клубына жаңа бапкер келді
"Ордабасы" клубына жаңа бапкер келді
Премьер-лигада өнер көрсететін шымкенттік «Ордабасы» командасына бас бапкер болып Александр Седнев тағайындалды. «Ордабасы» футбол клубы мәлім еткендей, 47 жастағы беларусь маманы бұған дейін «Белшина», «Динамо» (Минск), «Днепр» (Могилев) және қазақстандық «Ақтөбені» жаттықтырған. Өткен маусымда А.Седнев Беларусь жоғары лигасында ойнайтын Брестің «Рух» командасына бапкерлік етті. 2012 жылдан бері УЕФА-ның «Pro» дәрежесіне ие.