Нұр-Сұлтанда автобуспен жол жүру ақысын төлеу жүйесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды "City Transportation Systems". "SMS төлем сервисін өшіру бойынша тасымалдаушылармен және байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде. Байланыстың жиі болмауы тасымалдаушыларға үлкен шығын келтіреді және жолаушыларға ыңғайсыздық туғызады. SMS төлемді өшіру туралы шешім қабылданған кезде алдын ала хабарлаймыз", – делінген хабарламада. Компания қазіргі кезде автобуста жолақысын төрт тәсілмен төлеуге болатынын еске салды. Олар:
- көлік картасын валидациялау;
- 2505 қысқа нөміріне SMS жіберу;
- QR-код сканерлеу;
- мобильдік қосымшада көлік кодын енгізу.