Елордалық "Барыс" сырт айдында Мәскеулік "Динамоны" жеңді
Елордалық "Барыс" сырт айдында Мәскеулік "Динамоны" жеңді
152
оқылды
Құрлықтық хоккей лигасы аясында елордалық «Барыс» 21 қаңтар күні cырт айдында Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасымен кездесті. Турнирдің плей-офф кезеңі жақындап келеді. Командалар жағдайын жақсартуға күш сала бастады. Сондықтан бүгінгі кездесудің тартысты өтті. Екі команда арасындағы соңғы төрт ойында «Барыс» қарсыласына есе жіберіп жүрген еді. Соңғы мәрте мәскеулік клубты 2018 жылдың 24 қыркүйегінде овертаймда 3:2 есебімен тізе бүктірді. Бүгінгі ойында «Барыс» 2:0 есебімен басым болды. Аталған жеңістен кейін елордалық клуб турнир кестесінде 55 ұпаймен 12-орынға көтерілді. Енді «Барыс» сырт айдында 23 қаңтарда Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасымен кездеседі. Ал 26 қаңтарда елордада Ресейдің «Трактор» (Челябинск) клубын қабылдайды.