Филиал төрағасын таныстырды
Филиал төрағасын таныстырды
145
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының активімен кездесу өтті. Оған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, партия филиалы Саяси кеңес бюросы мүшелері, қала­лық және аудандық филиал қызметкерлері қатысты.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов қалалық партия активіне жаңадан тағайындалған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваны таныстырды. Ол сондай-ақ партияның алға қойған мақсат-міндеттері жайлы айтып, бес жылдық партия бағдарламасын кезең-кезеңмен жүйелі түрде орын­дауды тапсырды.

Әбілмансұр ЖАСАН