Күніне 2 әйел жатыр мойны қатерлі ісігінен көз жұмады
Күніне 2 әйел жатыр мойны қатерлі ісігінен көз жұмады

Өткен жылы елімізде 1 830 әйелден жатыр мойны қатерлі ісігі анықталған. Жыл сайын 660 әйел осы дерттен көз жұмады екен. Еліміздің бас онкологі, Қазақ ұлттық онкология және радиология институтының директоры Диляра Қайдарова Instagram парақшасында өткен тікелей эфир барысында осындай ақпаратпен бөлісті.

«Сақ жүруіміз керек. Елімізде бұл дертті емдеудің барлық әдіс-тәсілі бар. Қыздар өздерін жатыр мойнын алып тастайтын жағдайға жеткізбесе екен. Шымкентте, Түр­кістан облысында болған кез­де кейбір әйел гинекологқа 7 жыл, 9 жыл барып көрмегенін айтты. Қатерлі ісік бес жыл ішін­де ас­қынады, сондықтан өзде­ріңізге көңіл бөліңіздер. 23 қаң­тарда еліміздің әртүрлі өңірінде тегін түрде ашық есік күні өтеді. Соған уақыт тауып барыңыздар. Нұр-Сұлтан мен Қарағанды «қызыл аймаққа» кіргендіктен, ол жақта ашық есік күні бол­майды, бірақ кез келген уақытта емханаға ба­рып тегін түрде қа­рала аласыздар» деп ескертті бас онколог дәрігер. Өкініштісі сол, бұл дерт жас­тар арасында да кездесіп жатыр. Жа­тыр мойны қатерлі ісігімен ауы­ратын 28 жастағы қыздар да бар. Бұл дерттің шарықтау шегі – 40-44 жас аралығы. Осыған бай­ланысты бас онколог қыз-келін­шектерге тексеріліп тұруға кеңес берді. «2020 жылы елімізде 1 830 әйел­ден жатыр мойны қатерлі ісігі анықталды. Жыл сайын 660 әйел осы жерттен көз жұмады, яғни күніне екі әйел жатыр мойны қа­терлі ісігі салдарынан көз жұма­ды деген сөз. Бұл статистика көңіл қуантпайтыны анық, сол себепті онкогинекологқа уақытылы тек­серіліп тұрыңыздар», – деді Ди­ляра Қайдарова.

Э.ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ