Сыйлықтар арасында Iphone 12 де бар

Сыйлықтар арасында Iphone 12 де бар

Шенеуніктерге берілетін сыйлықтың да түр-түрі бар екен. Оның ішінде қымбаты да, арзаны да бар. Өткен жылы Мем­лекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне 245 сыйлық тапсырылған. Оның 18-і 159 937 теңгеге са­тыл­ған еді. Мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгерімінде ба­ғалау құны 967 971 теңгені құрайтын 30 бірлік бекітілген, 12 бірлік жойылды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің бас­пасөз қызметі хабарлады.

2020 жылы тіркелген ең қым­бат сыйлық – Iphone 12 Pro ұялы телефоны (2020 жылдың жел­тоқсанында есепке алынды). Ол 617 991 теңгеге бағаланды. Ең төменгі бағалау құны – 800 теңге. Мұндай сомаға ақ түсті пластик гүлдер және Dream маркалы шо­колады берілген. Сыйлық­тарды сату кезінде: Tom Ford Lost cherry EAU Parfum иіс суы аук­цион арқылы 59 467 тең­геге (бағалау құны 118 934 тең­ге) са­тылды, ең кі­шісі – ақ гүлдер мен Dream шоколады үшін 205 теңге (ба­ғалау құны 800 теңге) ба­ға­ланған. Еске сала кетейік, жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар (адамның хабарынсыз алынған; адам өзінің лауазымына немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты қа­­был­даған; көпшілік алдында немесе қолма-қол ауыстырылған (тап­сырылған) өзінің қызметтік жағ­дайына немесе қызметтік мін­деттерін орындауына бай­ланысты ресми іс-шаралар бары­сында берілген) сыйлықтарды алған (табылған) күннен бастап 7 күн­тізбелік күн ішінде сол сый­лық­тарды тапсыруға міндетті. Оны ҚМ Мемлекеттік мүлік және же­кешелендіру комитетінің ау­мақтық бөлімшелеріне тап­сырады.

Айша ЕРСҰЛТАН