Зиялы қауым өкілдері «Nur Otan» партиясының сенімді тірегіне айналуға дайын. Бұл туралы олар «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Miras аймақтық кеңесінің 2021 жылдағы алғашқы отырысында мәлімдеді.
Басқосуда партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды. Алдағы уақытта ұлттық құндылықтар мен төл тарихымызды ұлықтауда партияның кеңесші органы саналатын кеңес жұмысына партия ардагері Масат Берік, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша төрағасы Қасымхан Төлендиев, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының директоры Мәлік Ақүрпеков сынды азаматтар да өз үлесін қоспақ. Дауыл Ынтықбайұлы «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық, аудандар мен Тараз қалалық мәслихаттарындағы депутаттық мандаттың 85 пайызына ие болғанын айтып, өңірдегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысқан зиялы қауымға алғыс айтты. Кездесуде ақын Қайырбек Асанов, Талас аудандық мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты Үміт Битенова, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Уалихан Болатбек сөз сөйледі. Кездесуді қорытындылаған партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары кеңес мүшелерін Жамбыл облысы бойынша «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасындағы өңір руханияты мен мәдениетін дамытудағы басымдықтарды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.Әбілмансұр ЖАСАН