Арқар атқандар ұсталды

Арқар атқандар ұсталды

Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген жануарды сойып бөлшектеген браконьерлер ұсталды. Деректерге сүйенсек, олар келтірген шығын сомасы – 26 миллион теңге.

Облыстық орман шаруа­шы­лығы және жануарлар дү­ниесі аумақтық инс­пек­ция­сының ма­маны Талғат Але­новтың ай­туын­ша, браконьерлік факт Қа­рақия ауданында 19 қаңтарда тіркелген. Инспекторлар күдікті көлікті тоқтатуға тырысқан, бірақ тәртіп бұзушылар инс­пекция қыз­­­меткерін тың­дамаған. «Оқи­ға болған жерде жедел іс-қимыл жүргізіліп, автокөлік жүргізушісі, кейін қашып кеткен үш жолау­шының бірі ұсталды. Көлік са­лонын тексеру кезінде инс­пек­торлар төрт қаптағы екі ар­қар­дың және екі қоян еті са­лынған бір дор­баны тәркіледі» деп ха­бар­лады Талғат Аленов. Сонымен қатар инспекция қы­з­­­­меткерлері құқық бұзу­шы­лардан арқардың екі терісін, ба­сын, аяғын және тығып қойған аңшылыққа арналған мылтығын тапқан. Браконьерлерге қатысты ҚК-ның 339-бабы бойынша тергеу шара­лары жүргізіліп жа­тыр. «Ал­дын ала бағалау бойын­ша, екі ар­қарды заңсыз атқаны үшін келті­­рілген шығын со­масы – 26 мил­­лион 253 мың теңге» деп то­­лық­тырды облыстық орман шаруа­шы­лығы және жа­нуарлар дүниесі аумақтық инс­пек­циясының ма­маны. Арқар немесе тау қойы – орта және Орталық Азияның таулы аймақтарында, соның ішінде Сі­бірдің оңтүстігінде мекен ететін тұяқты сүтқоректілер. Оны та­би­ғатты қорғау ұйымдары қор­ғай­ды. Ал халықаралық Қызыл кі­тап­қа жойылып кету қаупі жо­ға­ры жануар түрі ретінде кірген. Қа­зақстан ау­мағын мекен еткен арқардың бар­лық бес түрі мем­лекеттің Қызыл кітабына ен­гі­зілген.

Ж. АҚҚАЙЫР