Коньки тебуді үйретеді
Коньки тебуді үйретеді
220
оқылды

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда конькимен сырғанап, шаңғы тебуді тегін үйрететін арнайы сабақтар өтетін болды. Тегін сабақтар демалыс күндері қаладағы төрт ауданда ұйымдастырылады.

Конькимен сырғанау және шаңғы тебуді үйрететін тегін сабақтар санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, арнайы нұсқаулық бойынша жүргізіледі. Сырғанауды үйренгісі келетіндер тұратын ауданына сай сабаққа қатыса алады. «Сарыарқа» ауданы бойынша әкімдік алдындағы алаңда, «Көктал» саябағында,  «Есіл» ауданында сабақ NurAlem Экспо алаңында, «Үркер» ықшамауданында өтеді. «Алматы» ауданы бойынша  «Триатлон» паркіне,  «Байқоңыр» ауданы тұрғындары «Жастар» сарайы мен «Кирпичный» тұрғын үй алабына барады. Сабақ сағат 11.00-12.30 және 15.00-16.30 аралығында өтеді.