Жолда қалғандар жылыту бекетінде жылынады
Жолда қалғандар жылыту бекетінде жылынады
5,192
оқылды

Түркістан облысында желтоқсан айының екінші жартысы ауған сәттен бастап ауа-райы күрт салқындап, көптеген аймақты қар басып қалды.

Кейбір жерлерде толассыз қар жауып, автожолдар жабылып, көлік қатынасына едәуір қиындық соқтыруда. Дегенмен түркістандық жергілікті билік бұл жағдайды қатаң назарда ұстап отыр. Сақтық шаралары бойынша қардың басып қалу қаупі жоғары аумақтарда 4 жылыту бекетін ашты.


тУРКЕСТАН жЫЛЫТУ БЕКЕТТЕРИ (2).jpeg

Облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, жалпы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 4152,34 шақырымды құрайды. Қазіргітаңдажолдың 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілуде. Өзге 434 шақырым жолтаулы аймақтарда қар қатты басып қалу қаупі жоғары аймақтар болып саналады. 

Бүгінде аймақта қардың басып қалу ықтималдығы жоғары ол аумақтарда 4 жылыту бекеті орналасқан. Атапайтқанда, Бәйдібек  ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-1 «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» автожолының 97-142 шақырым  (45 шқ) аралығы асулардан тұрады, осы жолдың 128-шақырымында  «Шыбықбел» жылыту бекеті бар. Сондай-ақ, КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автожолының асулардан тұратын 603-628 шақырымындағы (25 шқ) 605-шақырымында  «Одаманбұлақ» жылытубекетіорналасқан.

Ал Созақ ауданында облыстық маңызы бар автомобиль  жолдарында  КХ-56 «Жамбыл обл шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Кентау» автожолының 57-76 шақырым (19 шқ) аралығы асулардан тұрады, осы жолдың 63-шақырымында  «Ащысай» жылыту бекеті орналасқан. Бұданбөлек, КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Шаян-Екпінді» автожолының 588-603 шақырымы (15 шқ) асулар, аталғанжолдың 593-шақырымында  «Таскөмірсай» жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. 

Айта кетерлігі, жоғарыда аталған жылыту бекеттері бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіншілігі бар. Жылытубекеттеріазық-түлікпен, төсек орынмен қамтамасыз етілген және әзірленген отындар жылыту бекеттерін жылы күйде ұстауға толық жеткілікті. Тәулік бойына жылы күйде ұстау үшін кезекшілік ұйымдастырылған. Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылыту бекеттері қызмететуге дайын және бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауға алынған.