Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Карантин киім өндірісін күйрете жаздады

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 22, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
өндіріс
34
қаралым

COVID-19 отандық киім-кешек өндірісіне ауыр соққы болды. 2020 жылдың 11 айы­ның қорытындысы бұл салада көптеген сегмент бо­йынша құлдырау тіркелгенін көрсетті. Әсіресе, тоқыма өнер­кәсібі өндірісі  40,8%-ға тө­мендеді. Жаңа туған ба­ла­ға арналған киім тігу (-40,1%),  сырт киім (-39,4%),  шұлық (-25,2%)  тігу көрсеткіші азайған.  Бас киім өндірісінде ғана өсім (+54,1%) байқалды. Былтыр бас киім тіккендер 1,2 млрд теңге табыс тапты. Ал мектеп формасын тігетін кәсіпорындар шығын­ға батты. Олар тіккен өнімнің қоймаларда жатқанына жылға жуық уақыт болды.

Ішкиімнің 99,7 пайызын шетелден аламыз

Energyprom.kz агенттігінің дерегіне сүйенсек, 2020 жылы 11 айда 40,6 миллиард теңгенің киімі өндірілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,2% көп. Өңір­лерді киім өндірісі бойынша жік­тесек, ең көп киім Алматы облы­сында тігіліпті. Бұл өңірде 8,6 млрд теңгенің киімі тігіліп, 1,8% өсім көрсеткен. Алматының өз басын­да 5,6 млрд теңгенің киімі тігілген, өсім – 5,1%. 6,3 млрд тең­генің киі­мін тіккен Шымкент қаласы 54,9% өсімге қол жеткізді. Кешелі бері БАҚ құралдарында жария боп кеткен бұл статистикаға Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы күмәнмен қа­райды. Қауымдастық президенті Любовь Худова тиісті министрлік пен әкімдіктерге сауал жолдап, мардымды жауап алмай отыр. Қауымдастықтың күмәнданатын себебі – былтыр біздің киім-кешек­ке деген сұранысымызды импорт­таушылар қамтамасыз еткен. Energyprom.kz агенттігінің дерегі мұны растап отыр – 2020 жылдың 10 айының қоры­тын­ды­сы бойын­ша киім-кешек импорты 98,9% болған. Іш киімнің 99,7%-ы, сәбилер киімінің 99,5%-ы, тоқыл­­ған сыртқы киім­дер, шұлықтың 95,5%-ы, спортқа арналған кос­тюм­дердің 73,2%-ы импортталған киімдерді құрайды. Қазақстанға әкелінетін жеңіл өнер­кәсіп өнім­дері көлемінің экс­портқа қара­ғанда 30 есе көп болуы да ойлануға бір себеп. Былтыр ше­тел­дік өн­діру­шілер елімізге жеткізген киім-кешектің құны 1,195 миллиард доллар болыпты.

Ал қазақстандық экспорт­таушылар 41 миллион доллардың ғана киім-кешегін жөнелткен.

«Ұсынысымызды елеген адам болмады»

«Былтырғы мамырда отандық киім өндірісіне пандемияның оңай соқпайтынын айттық. Себебі елі­мізде жеңіл өнеркәсіп саласында ка­­рантинге дейін де қиындықтар болған, ал пандемия жағдайды тіпті ушықтыра түсті, – дейді Любовь Худова. – 2019 жылы елімізде бұл салада 992 кәсіпорын жұмыс істе­ген, оның 13-і ірі, 27-і орта және 952 шағын кәсіпорынды құрады. Онда еңбек ететіндердің 90%-ға жуығы әйелдер. Бұл компаниялар табыс­сыз қалса да, көп жағдайда, қайы­рымдылық ретінде бетпер­делер тікті. Ал бөлшек сауда клиен­тіне арналған киім, аяқкиім және үй тоқыма бұйымдарын шыға­­ратын­дардың сатылымы тоқтады. Себебі дүкендер 16 наурыздан бастап жа­былды, бар ақшасына шикізат са­тып алған, дайын тауар­лары қой­мада қалып қойып, шығын келтірді. Барлық қызметкер жала­қысыз ең­бек демалысына шығуға мәжбүр бол­­ды. Міне, соның салда­ры биыл біліне бастады».

Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

Елімізде 1 наурыздан бастап қандай нысандардың жұмысы жанданатыны белгілі болды

Ерлан Қиясов елімізде карантин қашан толық алынатынын айтты

Оның айтуынша, Ресей 2020 жылдың 18 сәуірінде-ақ сән индус­триясының бөлшек сауда сегментін пандемиядан зардап шеккен сала­лар тізіміне қосқан. Киім, аяқкиім және аксессуар сатумен айналы­сатын компаниялар мемлекеттік қол­даудың арнайы шараларын қол­­дану құқын алды. Қауымдастық осыны мысалға келтіріп, жеңіл өнеркәсіпті туристік және кон­суль­тациялық қызметпен қатар, пан­демияға байланысты және теңгенің құнсыздануы мен доллар­дың күрт өсуінен жағдайы нашар­лаған сала­­ларға жатқызуды ұсын­ған. Са­тып алу белсенділігінің 70%-ға төмен­дегенін ескеріп, сауда орта­лықта­рында пайдалану және ком­мунал­дық қызметтерді 50 пайыз­­­ға төмен­детіп, жалдау ақысын саты­лымның 15% деңгейінде бел­­гілеуді сұраған. Себебі мемлекет пен биз­нестің бірлескен әрекеті жеңіл өнеркәсіпте, әсіресе импорт алмастыруда қол жеткізген нәти­жені сақтауға көмек­теседі деген ниет болған.

«Алайда бұл ұсыныстардың бірі де назарға алынбады. Бүгінге дейін ешқандай көмек алмадық. Әрине, Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасына жеңіл өнеркәсіп саласы үшін 6 пайыз ставкамен несие береді, бірақ мәселе несиеде емес, басқада. Мектеп оқушылары үшін тігілген формалар қоймада қалып қойды. Олар бұл киімді тігуді 2019 жылдың соңында бастаған, себебі 2020 жылдың тамыз айына үлгеруі тиіс болды. Жыл бойы сол киімді тіккен тігіншілерге жалақы төледі, тиісті салығын аударды, ал киім таратылмай қалды. Бұл – кә­сіп­­орын үшін үлкен шығын. Біз ең болмағанда мектеп формасын тік­кен кәсіпорындарды салықтан бо­сатуды сұрадық. Ұсынысымызды елеген адам болмады», – дейді Любовь Николаевна.

Оның айтуынша, бренд топта­масын жасаушы компаниялар да шығынға батқан. Олар өнімін көк­wтемде сауда үйлеріне таратамыз деп дайын отырғанда коронавирус килігіп, төтенше жағдай жария­­ланды, сауда үйлері карантинге жа­былды. Ең қызығы, сауда үйлері карантиннен зардап шегуші деп та­нылды да, сол сауда үйінде тауа­рын сатуға қоятын жеңіл өнеркәсіп саласы өкілдері зардап шегуші деп танылмады. Олардың өнімі де қой­мада қалып қойған.

Былтыр бірқатар кәсіпорын киім-кешектің орнына бетперде тігуге көшкен еді, олар да пайдаға ке­неле қоймапты. Себебі шекара жабық тұрғанда отандық тігін ком­панияларына бетперде мен қорға­ныш киімдерін тігу туралы ұсыныс айтылғанымен, шекара ашылғанда Үкімет ол тауардың бәрін сырттан импорттай бастаған. Ал бетперде мен қорғаныш киімін тігіп жатқан кәсіпорындар абдырап қалыпты.

«Ғимаратты жалдау ақысына жеңілдік жасамады»

Карантиннен әупірімдеп шы­ғып жатқан кәсіпкерлер де жоқ емес. Соның бірі – Нazifa брендінің негізін салушы Қазипа Мұха­мет­қали. Ол пандемия басталғанда үйден аттап шыға алмай қалғанын айтады. Тігін цехы орналасқан ғи­маратта жұмыс тоқтаса да, жалдау ақысын төлеп келіпті.

«Мемлекет тарапынан жалға ал­­ған ғимараттың жалдау ақысына кешірім жасалады дегенімен, жеке­­меншік сектордағы кеңсе иесі жеңіл­­дік бермеді. Жеңілдік бермеді деп өкпе арта алмаймын, бұл – оның бизнесі. Сондықтан төтенше жағдай жарияланғаннан бері жал­дау ақысын үздіксіз төлеп отырдым. Мем­лекет тарапынан несие төлемін шегеру жеңілдігін ғана алдым. Ал жұмысшыларды үй демалысына жіберуге мәжбүр болдым», – дейді Қазипа Қалиқызы.

Ал өзі қол қусырып отырмай, сәуір айының ортасында Instagram-дағы Нazifa шебер мектебі парақ­шасы арқылы «Киім пішудің оңай әдістері» атты тегін шеберлік саба­ғын бастайды. Қазақстандағы қыз-келіншектер, көпбалалы аналарға қолданыстан шығып қалған, сән­нен кеткен киімді өзгертіп, жаңа бұйым­ға айналдыруды үйретті. Бұдан бөлек, «Отандастар» қоры­мен бірге әлемнің түкпір-түкп­ірін­дегі қандас қыз-келіншектерге онлайн режимде шеберлік сабағын өткізеді. Мыңнан астам қыз-келін­шек қатысып, мил­лионнан астам көрілім болды. Тамызда каран­тин жеңіл­де­тіліп, жұмыс бастал­ғанда кәсіпкер ау­қымды тапсы­рысқа ие болады.

«Ол тапсырысты абыроймен атқа­рып, табысқа кенелдім. Бүг­ін­дері матадан жасалатын бұйымның бәрін тігіп жатырмыз, қыз жа­сауына әлі де сұраныс бар, той киімдері, кештерде киетін көй­лектерге де тапсырыс мол. Негізгі өнімдеріміз ішкі нарыққа бағыт­талған. Қазір күнделікті тұрмыста киетін спорт­тық киімдерге тап­сырысты аяқтап, бір партиясын жөнелттік. Алма­тыдағы саудагерлер интернет сау­даға ауысып жатыр, солардың бірі 25-35 жастағы қыз-келіншектерге арналған киімдерге тапсырыс берді. Біз – тігіп беру­шіміз, сатушы – басқалар. Біз үй бұйымдарын ғана сатамыз», – дейді кәсіпкер.

Пандемия әр салаға әртүрлі әсер етті. Жеңіл өнеркәсіп саласы бұл сынақтан жеңіл өтеді деген болжам орындалмады. Себебі бұл саладағы киім-кешек өндірісі, әсі­ре­се тоқыма өнеркәсібі шатқаяқтай бастады. Сондықтан бұл саланың аяқ алысын әлі де зерделеп көру керек-ау…

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ

 
Тегтер: Covid-19карантинкиім өндірісіқұлдырауотандық киім-кешек
Алдыңғы жаңалық

Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережесі жарияланды

Келесі жаңалық

Ресейлік ресми фейктер экспортымызға соққы

Ұқсас жаңалықтар

диплом
Жаңалықтар

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 2021
Алматы облысы
Жаңалықтар

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 2021
Алматы облысы
Жаңалықтар

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 2021
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Жаңалықтар

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 16:10

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 15:58

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 15:46

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ақпан 26, 15:18

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді

Ақпан 26, 14:29

Ішімдікке салынып, инеге отырған ата-ананың баласына кім жауапты?

Ақпан 26, 14:15

Астана әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты

Ақпан 26, 14:11
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

диплом

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 2021
Алматы облысы

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»