Әсіресе, шығыс және орталық өңірлерде қар қалың жауады. «Қазгидрометтің» мәліметінше, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Кей жерлерде ауа райы күрт құбылып, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы 30 м/с, тіпті одан да асуы ықтимал. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні – 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні – 23-28 м/с, жекелеген аудандарда 30 м/с және одан жоғары күшеюі ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Желдің екпіні 25 м/с артады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні 25 м/с жетуі ықтимал. Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Қызылорда, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.Атырау облысында күндіз көктайғақ, Павлодар облысында күндіз жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.