Биыл 21 қаңтар күні бекітілген құжаттың толық мәтіні zan.gov.kz сайтында жарияланды.
Салымшылар біржолғы зейнетақы төлемін мына мақсатқа пайдалана алады:
– тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша; – жеке тұрғын үй салу үшін (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) толық есеп айырысу; – ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу; – тұрғын үй қарыздарын ішінара немесе толық өтеу, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру; – ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара немесе толық өтеу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық), тұрғын үй қарызын алу; – ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу; – тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу. Зейнетақы шотындағы қаражат қолма-қол берілмейді.Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қатысты заңға қол қойды.