Оңтүстік пен шығыста күн күрт суытады
Оңтүстік пен шығыста күн күрт суытады
126
оқылды

«Қазгидромет» Қазақстанның бес аймағында ауа райының қолайсыздығына байлансыты ескерту жариялады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ пайда болады, Бұрқасын соғып, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Дауылдың болуы 90-95% ықтимал.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде боран, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде 23 желтоқсанда қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші шамамен 15-20 м/с болады. Көкшетауда тұман мен боран күтіледі. Дауыл болу ықтималдығы 85-90% құрайды. 23-25 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауады. Күндізгі жел батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с шамасында соғуы мүмкін.