Мыс шахтасындағы төрт кеншінің өліміне кінәлілер анықталды
Мыс шахтасындағы төрт кеншінің өліміне кінәлілер анықталды
115
оқылды

Үш апта тексеру жүргізген комиссия мүшелері осындай ұйғарымға келген. Бұл туралы КТК хабарлады.

Шахтада тау жыныстарын жарған жұмысшылар улы газға тұншыққан. «Сол күні шахтадағы желдеткішті іске қоспай, басшылары салғырттық танытты», – дейді комиссия. Енді кен орнының бас инженерін жауапқа тартады. Кеншілердің жер астындағы еңбек қауіпсіздігі де сақталмаған. Тексерушілердің айтуынша, жарылыстан соң кез келген шахтада улы газ тұман болып жиналып қалады. Бірақ ауа уақтылы алмасып тұрса, қайғылы оқиға болмас еді дейді.

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Саламат Аманбаев: «Үлкен желдету желдеткіші тұр. Солар таза ауа алып, жарылыстан соң ауаны тартып алу керек. Сол күні 18:50-де мекеменің бас инженері Сафин желдеткішті тоқтатуға бұйрық береді. Олар бұрынғыдай жұмысын істеп болғаннан кейін шығатын уақытта, жарылыстан соң сырттағылармен байланысқа шықпай қалады», – дейді.

Бұған дейін Хромтауда мыс компаниясының шахтасында төрт кеншінің қайтыс болғанын жазған болатынбыз.