Жол апатынан бір аптада 34 адам қаза тапқан
Жол апатынан бір аптада 34 адам қаза тапқан
119
оқылды

24.kz-тің жазуынша, соңғы бір аптада елімізде жол апаттары салдарынан 34 адам қаза тауып, 120 жолаушы зардап шеккен.

Көбінесе, күн райының қолайсыздығы себеп болған.

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге аса сақ болуды ескертті. Себебі, бар болғаны бір жұма ішінде 166 жол апаты тіркелген.

Қазір ауа райының қолайсыздығынан Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарына қарасты жолдарда көлік қатынасының барлық түріне шектеу қойылды. Тұрғындарды сақтық шараларын ескеруді сұрап отыр.