Оқиға Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде болды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті хабарлады.
Мекеме қызметкерлері қамауда отырғандарға келген сәлем-сауқатты тексерді. Жіті тінту кезінде тіс жуатын 2 пастаның ішіне жасырылған есірткіні тапты.Заңды бұзған азаматты жауапқа тартады.Сот сараптамасы нәтижесінде, тіс пастасына жасырылған заттың 17 грамм есірткі (гашиш – ред.) екені анықталды.
Бұған дейін түрмеге жолданған сәлемдеме ішінінен телефон табылғаны туралы жазған болатынбыз.