Полицейлер алыс жолға шықпау керегін ескертті
Полицейлер алыс жолға шықпау керегін ескертті

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды алыс сапарға шығуды кейінге қалдырып, жол үстінде аса сақ болуын сұрайды.

Министрліктің Инстаграмдағы ресми парақшасында: «Полицейлер жүргізушілерге көлік тізгінінде аса жіті болуды, қауіпсіз қашықтық пен жылдамдықты сақтап, шұғыл тоқтау кезінде сақ болуды өтінеді. Жаяу жүргіншілердің де абайлағаны абзал, себебі көктайғақ кезінде көліктерге шұғыл тоқтау қиынға түсіп жатады», - деп жазылған.

Қардың қалың жауғанына байланысты құқық қорғаушылар азаматтардан жоспарланған алыс жолға сапарын шегере тұруды сұрайды. Ал сапарға шығу міндетті болған жағдайда қайда бара жатқанын туған-туыстарына айтып кеткені жөн. «Жылдамдықты, қауіпсіз қашықтық пен бүйір жақтағы аралықты таңдаған кезде ауа райын ескерген дұрыс. Қар жауып тұрған кезде жолды көру қиындай түседі», – делінген хабарламада.