Алматыда 6 жүкті әйел індеттен көз жұмған

Алматыда 6 жүкті әйел індеттен көз жұмған

Алматы қаласындағы коронавирус инфекциясына қатысты санитарлық-эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі күйінде қалуда. 21 қаңтар күнгі дерек бойынша, бір тәуліктің өзінде ауруды жаңадан жұқтырған 115 адам тіркелді. Бірер күн бұрын «қала «жасыл аймаққа» өтті» деп, аздап көңіліміз жайланғандай болғанымен, қайтадан «сары аймақтағы»  өңірлер қатарына қосылды.

Кейбіреулер соңғы күндерде қаладағы ауа райының бірден жылуы да жағдайға кері әсерін тигізіп жатыр деген ойларын білдіруде. Ауа температура­сының төмендеуі не жоғарылауы ин­фек­цияның таралуына қан­ша­лықты әсер ететіні тұрғысын­дағы сауалдар Алматы қаласы­ның өңірлік коммуникациялар қызметіне келген дәрігерлерге де қойылды. «Төмен температурада жо­ғарғы тыныс жолдарының жергілікті қорғаныс факторлары төмендегеннен кейін бұл респи­раторлық инфекциясы бар адам­дардың жиі ауруға шал­дығуына әкеледі. Шырышты қабаттарда секторлы имму­ноглобулин IgA мөлшері азаяды, бұл қоздырғыштың эпителий жасушаларына жабысу мүмкін­дігін тежейді және вирусты, лизоцимді жояды. Инфекция жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ұсақ бөл­шек­терді шығарғанда вирус адам­нан-адамға ауа тамшылары арқылы оңай беріледі. Эпи­демия­ға қарсы шараларды жүр­гізу арқылы COVID-19 инфек­циясының қаупін барынша азайтуға болады. Инфекцияның алдын алу үшін жеке гигиена ере­желерін сақтау қажет: біррет­тік бетпердені қолдану, дезин­фек­циялау шаралары, кем де­ген­де 1,5-2 метр әлеуметтік ара­қа­шық­тық сақтау. Иммун­дық про­фи­лактика қажет, бұл – коро­на­вирус инфекциясына қарсы вак­цинация, – деді медицина ғы­лымдарының док­торы, С.Ас­фен­дияров атындағы ҚазҰМУ-дің жұқпалы және тропикалық аурулар кафед­расының про­фес­соры Күләш Құрманова. Осы маусымда қала тұрғын­дарына ЖРВИ мен тұмауға қар­сы 430 мың доза вакцина те­гін са­лынды. Дәрігер К.Құр­ман­ованың айтуынша, бұл әре­кет ЖРВИ-мен сырқаттанудың тө­мендеуіне ықпал еткен. Алайда вакцинацияланған денеде олар КВИ ақуыздарынан қорғайтын антиденелер түзбе­ген. Қара­ғандыда шығарылатын Sputnik V вакцинасы корона­вирус ин­фекциясын азайтуға әсер етеді. Алматыда елімізде корона­вирус инфекциясы тіркелген наурыз айынан бері 20 635 жағ­дай есепке алынған. Оның 12 927-і – симптомды, 7 708-і – си­мп­­томсыз. Инфекция не­гізі­нен қоғамдық орындарда жұғу­да. Оны мониторинг тобының назарына ілінген түрлі сауық кештері мен басқосулардан аң­ғаруға болады.  3-19 қаңтар ара­лығында қоғамдық орын­дарда (40,1%), отбасындағы КВИ науқаспен байланыс (27,4%), қа­ла­лық көлікте (22,8%), жұмыс орнында КВИ науқаспен бай­ланыс кезінде (5,6%), шетел­дер­ден және өзге өңірлерден әке­лін­ген инфекция (2,6%) тір­келді. Инфекция жұқ­тырудың жағдайлары жас құры­лымдары бойынша: 20-39 жас­тағылар – 34,7%, 40-59 жас­та­ғылар – 28,7%, 60 жас және одан үлкен жастағылар – 21,3%. Бүгінде инфекциялық ста­цио­нарларда 810 адам емделуде. Оның ішінде 20 бала бар, 17 нау­қастың жағдайы өте ауыр, 147 науқастың жағдайы ауыр, 644-інің жағдайы орташа ауыр, 2 науқастың жағдайы жеңіл. Жазылып шыққандары – 82, ауруханаға түскендері – 112. Бір айта кетерлігі, өткен жылдың наурыз айынан бері шаһарда мыңнан астам жүкті әйел коронавирус дертінен ем­де­ліп шыққан. Өкінішке қарай, дү­ниеге ұрпақ әкелуге үмітті ал­ты әйел індеттен келген кесел құрығынан құтыла алмай, көз жұм­ды. Қазір  қала бойынша 35 жүк­ті әйел корона­вирус инфек­ция­сына қарсы ем-дом алып, дә­рі­герлердің бақылауына алын­­­ды.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ