Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысының Түркістан облысымен шектесетін аумағында жол бөлігі жабық.
Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 536-593 шақырымында Айша бибі кенті – Түркістан облысының шекарасы аралығы жабылды.Сондай-ақ Жамбыл облысынан бастап Машат кенті аралығында да көліктердің жүруіне шектеу қойылды.