Денсаулық туралы кодексте халықтың пікірі ескеріледі — Нұрлан Нығматулин
Денсаулық туралы кодексте халықтың пікірі ескеріледі —  Нұрлан Нығматулин

Халық арасында түріл пікір қайшылығын тудырған Денсаулық туралы кодексті Мәжіліс отырысында мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері мен сарапшылар жан-жақты талқылайды.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Twitter-дегі парақшасында: «Қазіргі уақытта денсаулық туралы кодекс қызу талқылануда. Расында, үкіметтік жобадағы кейбір нормалар туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ, қорытынды жасауға әлі ерте. Себебі, Мәжілісте мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен кодекс әлі жан-жақты талқыланатын болады», – деп жазды.