Apple барлық iPhone-ды бір-бірімен желісіз хабарласу мүмкіндігін жасамақ
Apple барлық iPhone-ды бір-бірімен желісіз хабарласу мүмкіндігін жасамақ
127
оқылды

«Популярная механика» басылыма сілтеме жасаған tengrinews.kz-тің хабарлауынша, iPhone және Apple-дың басқа да құралдары сымсыз байланысатын жаңа жерсерік технологиясын жасап шығарады.

Мұндай жерсерікті байланыс технологиясы пайдалану құралдарына ақпаратты тікелей қабылдауға және жіберуге мүмкіндік береді. Яғни, Apple гаджеттерінің иелері желіге қосылмай-ақ жұмыс істейді. Bloomberg басылымының мәліметінше, ол үшін Apple арнайы жеке жерсерік құрал қоймайды. Оның орнына компания деректерді байланыс спутниктеріне жіберетін таратушы құрылғыларды немесе жердегі станцияларды ғана дамытады. Осы технологиялар арқылы Apple құрылғылары бір-бірімен ақпарат алмасып не желінің бар-жоғына қарамастан, гаджеттерді байланыстыра алады.

Сонымен қатар, жаңа технология құрылғылардың орналасқан жерін нақты анықтай алады.  Жаңа технологияны жасап шығаруға Apple өкілдері әуе ғарыш саласының бірнеше инженері мен жерсерік және антенна жасайтын мамандарды жалдаған.

Бірақ жобаны жасау барысында мәселе туындаған сәтте оны тоқтатуы мүмкін.