Ақтөбеде қарияларды көсеумен ұрып, тонап кеткен күдікті ұсталды
Ақтөбеде қарияларды көсеумен ұрып, тонап кеткен күдікті ұсталды

Полицияға терезеден кірген ұрының ерлі-зайыптыны көсеумен ұрып-соққаны туралы хабар түскен.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, зардап шеккен ерлі-зайыптының екеуі де – мүгедек. Күдікті қарттарды көсеумен ұрып-соққан. Содан кейін 20 мың теңгені алып, қашып кеткен. Полицейлер 45 жастағы күдіктіні ұстады. Ұрлаған ақшасын қажетіне жұмсап үлгерген. Тергеу басталды.