Министр заң жобасын талқылауға қатысқандардың айтарын тыңдады. Жиында министр жаңа заң жобасы халықтың мүддесін қорғауы тиіс деген пікірімен бөлісті.
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының мақсаты – жалпы қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін құру болуы тиіс деген ортақ пікірге келдік. Ол үшін бірқатар әдіс ұсынылып отыр. Ұғымдық аппаратты анықтау. Атап айтқанда, қоғамдық бақылау, қоғамдық бақылау объектілері мен субъектілері, қоғамдық бақылау нысандары, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мүдделер қақтығысы және қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдар ұғымдары айқындалатын болады", – деді Аида Балаева.Министр қоғамдық бақылау нысандарын анықтау әдісі туралы айтып өтті. Атап айтқанда, бұл үшін қоғамдық тыңдаулардың маңызы зор.«Субъектілер мен объектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтау. Мәселен, қоғамдық бақылау субъектілері сарапшыларды тартуға, сараптамалық комиссиялар мен қоғамдық мониторинг топтарын құруға, сондай-ақ ақпарат сұратуға, дыбыс-бейне жазу техникасы құралдарын пайдалануға, бейне және суретке түсіруге, сондай-ақ қоғамдық бақылау объектілерінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдануға құқылы болады», – деді министр.
Сондай-ақ ол сапарының негізгі мақсатын да айтып өтті.«КЕҰ-ның жеке бастамасы, азаматтардың немесе ұйымдардың немесе объектінің өзі қоғамдық бақылау объектісіне бармай-ақ қоғамдық мониторинг жүргізуге негіз бола алады. Мониторинг қорытындылары бойынша қоғамдық бақылау субъектісі тиісті қоғамдық кеңеске немесе қоғамдық бақылау объектісіне ұсынымдар жібере алады. Қоғамдық тыңдаулар сияқты қоғамдық бақылаудың мұндай нысанын барлық азамат үшін ашық ету және кез келген азаматқа қоғамдық тыңдау тақырыбы бойынша ұсыныстар айту мүмкіндігі ұсынылады», – деді министр.
«Президент қол қоймаған кез келген заң жобасына тиісті өзгерістер енгізуге болады. Сондықтан бүгінгі сапарымның басты мақсаты – білікті сараптамалық пікір тыңдау. Қоғамдағы мәселелерді шешуде жиынға қатысқандардың әрқайсысының тәжірибесі бар екеніне сенімдімін», – деді министр.