Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус анықталды

Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус анықталды

21 қаңтарда Қазақстан аумағына Иран, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1 888 жолаушы келді. Олардың 1 471-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 417 жолаушы тиісті анықтамасыз келген. Оның ішінде:

  • Алматы әуежайына – 8 рейс (1 131 жолаушы, анықтамамен - 885, анықтамасыз – 246);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс (752 жолаушы, анықтамамен - 581; анықтамасыз – 171);
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (5 жолаушы анықтамамен келді).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде. Сондай-ақ, 20 қаңтарда анықтамасыз келген 258 ҚР азаматының 10-нан коронавирус анықталды. Олардың ішінде 6 жолаушы Минскіден Нұр-Сұлтан қаласына, 3 жолаушы Шарм-эль-Ш