Орталық Азияны сақтай аламыз ба?
Орталық Азияны сақтай аламыз ба?

Енді, бұдан былай ондаған қорық, ұлттық саябақтар мен ландшафттар қорғалатын болады. Сирек кездесетін жануарлар мен бірден-бір ерекше табиғи аймақтарды сақтайтын жоба шықты.

Орталық Азияның таулы аймағында биоалуантүрлі жерлерді сақтау үшін 5 жылдық бағдарлама іске қосылды. Осының арқасында сирек кездесетін 30-дан астам жануар мен өсімдіктің түрін сақтауға көмектеседі. Соның ішінде қар барысы, Бұқар бұғысы, Амудариялы күрекмұрын және сол секілді басқа да жануарлар бар.

Бүгінде бүкіл әлемде биоалуантүрліліктің 1500-ден астам негізгі бағыттары бар. Ал оның 145-і Орта Азияның таулы аймағында шоғырланған.

Жобаның жалпы бюджеті - 8 миллион доллар. Оны Жапония үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен бастамасымен қаржыландыратын – биологиялық әртүрліліктің негізгі аумақтарын сақтау бойынша серіктестік қоры, Францияның даму агенттігі, Conservation International ұйымы, Еуропалық Одақ, Ғаламдық экологиялық қор. Негізгі мақсатты – қоғамның биоәртүрлілікті сақтауға қатысуын қамтамасыз ету.

Бағдарламаның Орталық Азиядағы үйлестірушісі – Ресей.

– Бағдарлама Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан мен Ауғанстанда жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдарға арналған гранттарды қамтиды, – дейді Орта Азиядағы WWF бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц. «Қытайда жұмыс істейтін ұйымдар жобаға кейінірек қосыла алады».

«Биоәртүрліліктің негізгі аймақтары – миллиондаған адамға басапана болып табылады. Сол баспананың игілігі тек табиғатқа тәуелді», - деді биологиялық әртүрліліктің негізгі аумақтарын сақтау бойынша серіктестік қорының гранты жөніндегі директоры Дэниэл Ротберг. – Әлемдегі қоршаған ортаны қорғауға арналған көптеген бағдарлама негізінен үкіметке ыңғайланған еді. Биоалуантүрлілікті сақтау саласында тұрақтылық пен ұзақмерзімді нәтижелер жетуге негізінен тәжірибе көрсеткендей, дамушы және өтпелі экономикасы бар елдердегі жергілікті қауымдастықтармен жұмыс істеуінің арқасында орындалуда. азаматтық қоғамды нығайту экономика береді.

Коммерциялық емес ұйымдарға грант екі түрлі болады: кішісі – 20 мың АҚШ долларына дейін және ірісі – 150 мың АҚШ долларына дейін. Мұндай гранттық бағдарламалар жобалық аймақтағы негізгі биоәртүрлілікті сақтауды қамтамасыз етуге, ұзақмерзімді негізде азаматтық қоғамның дамуына айтарлықтай әсер ететіні белгілі.