Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Цойға жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.

Рая Мінап
Қаңтар 22, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
Тоқаев Цойға жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды
79
қаралым

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми  сайты. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.

Президентке пандемияның жер шарындағы негізгі таралу тенденциялары және вирусқа қарсы күрестегі еліміздің ретингісі туралы да баяндалды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында, өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-орында, өлім-жітім бойынша 94-орында, COVID-19 індетінен жазылып шыққандардың саны бойынша 48-орында, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында.

Швейцарияда вакцина салдырған 16 адам қайтыс болды

Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді

Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық  денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурстары жайында мәлімет берілді. Денсаулық сақтау министрі жұқпалы аурулар стационарларындағы дертке шалдыққан адамдар жататын орындардың 33 пайызға, жан сақтау бөлімдерінде бұл көрсеткіш 21 пайызға толғанын айтты.

Алексей Цой COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Министр елімізде адамдардың коронавирустан қайтыс болу деңгейі былтырғы шілде айымен салыстырғанда 4 есе төмендегенін жеткізді. Бұл дертке шалдыққандарға көмек көрсету үшін қабылданған шаралардың, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем беру деңгейінің тиімділігін көрсетеді. Бейінді ведомствоның мәліметі бойынша, барлық өңірдегі салынған жұқпалы аурулар ауруханалары халықаралық стандартқа сай келеді және науқастарға қажетті көмек көрсетуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, халықты уақытылы әрі толық құлақтандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыра отырып, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды.

 
Тегтер: вакцинакоронавирусТоқаев
Алдыңғы жаңалық

Күйеуі бар, көпбалалы келіншекпен көңіл қосқан азаматты әйелдің туыстары өлтірген

Келесі жаңалық

Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

Ақтау
Жаңалықтар

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 2021
бокс
Жаңалықтар

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
АҚШ
Басты жаңалықтар

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 2021
Түркістан
Жаңалықтар

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 18:15

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 17:48

АҚШ әрбір тұрғынға 1400 доллардан ақша таратып бермек

Ақпан 28, 17:24

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Ақпан 28, 16:55

Оралда газдан уланып көз жұмған тұрғынның денесі табылды

Ақпан 28, 16:23

Бір аяғы жоқ келіншек құрылыста жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр

Ақпан 28, 15:56

Қарағандыда туысын қызметке тағайындаған шенеунік жазаланды

Ақпан 28, 15:25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Ақтау

Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды

Ақпан 28, 2021
бокс

Қос боксшымыз Украинада топ жарды

Ақпан 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»