10 жылға сотталған подполковник
10 жылға сотталған подполковник
122
оқылды

Төрт баласы болса да ол бас бостандығынан, лауазымынан айырылды.

Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Сарыағаш ауданаралық тіркеу және сараптама бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі жарияланды.

Б.Ешанқұлов бұл іс бойынша айыпты болып табылды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болып, облыстық және аудандық Регистрлі-емтихан бөлімінің басшыларымен бірге 2015-2016 жылдары қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, жүргізуші куәлігін тиісті сараптамасыз заңсыз берген. Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне көз жұмғаны үшін пара берген.

 Сот үкім шығарған кезде істегі жеңілдететін мән-жайлардың бар-жоғын, жасалған қылмыстағы рөлін, сотталушының жеке басын, төрт баланың болуын ескере отырып, оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге, өмір бойына мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызметке тұра алмайтынболды. Оған қоса,  полиция подполковнигі арнайы атағынан айырылды.

 Бірақ сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.