Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Марат Аблахатұлы Оразаев Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. Марат Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ҒЗИ-да экономист болып бастаған. 1993 жылдан 1999 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды. 1999 жылдан 2008 жыл аралығында — АШМ Қаржы департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаментінің, Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры. 2008-2011 жж. — Ауыл шаруашылығы вице-министрі. 2011-2013 жж. —Президент Іс басқарушысының орынбасары, инспекторы. 2013-2015 ж. — Парламенттің Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары. 2015 жылдан 2019 жыл аралығында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2019 жылдан 2021 жыл аралығында АШМ жауапты хатшысы қызметін атқарды.