Туған қызы әкесін атып өлтірген
Туған қызы әкесін атып өлтірген
111
оқылды

Әкесіне ұзақ уақыт бойы қарап жүрген қыз, оны үйдегі тіркелмеген қарумен атып жіберген. Әкесі сол жерде көз жұмған.

Қанды оқиға 12 мамыр күні Қостанай облысы Алтынсарин ауылында орын алған. Әкесіне қарайлап жүрген қыз үйдегі тіркелмеген аңшылық мылтықпен оны атып жіберген. Ол сол жерде мерт болған.  
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша, қылмысты ессіздік күйінде жасағаны дәлелденді.  Соттың хабарлауынша, осыған орай, қылмыстық кодекстің 16-бабына сәйкес, ессіз жағдайда қоғамдық қауіпті әрекетті жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Өйткені сотталушының өзі психикалық ауруына байланысты екінші топтағы мүгедек болып танылған. Соған қарамастан ол әкесіне қарайласқан. 

Судьяның айтуынша, тергеу кезінде  сұралған полиция қызметкерлерінің де, учаскелік инспектордыңда , тергеушінің де айғақтары оның айыпты екенін көрсеткен. Себебі,  әкесінің өзі қызын атып өлтіруін сұраған.  Сырқатының өршелене түскенін әкесі көтере алмаған секілді.