Атырауда бала кәмпиттен уланып қалған

Атырауда бала кәмпиттен уланып қалған

10 жастағы бала мектеп жанындағы дүкеннен 7-8 энергетикалық кәмпит сатып алып, уланып, ауруханаға түскен.


Атыраулық дәрігерлер тәттіден уланған баланы өлім аузынан аман алып қалды.

Ол 19 желтоқсан күні ауыр хәлде, ес-түссіз күйде облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне түскен. Дәрігерлердің анықтауынша, бала кәмпиттегі кофеинмен уланған екен. Жансақтау бөліміне түскен бала асқазаны тазаланып, бір сағаттан соң есін жиып, жалпы бөлімге ауыстырылды.

Баланың хабарлауынша, мектептен шыққан соң сол маңдағы дүкеннен 7-8 дана "Flush UP" энергетикалық кәмпитті сатып алып, бәрін бірақ жеп тастаған. Сол кезде өзін жайсыз сезінген бала, әрі қарай не болғанын білмей, есіннен танып қалған.