Гүлмира Исимбаева жаңа қызметке сайланды
Гүлмира Исимбаева жаңа қызметке сайланды
339
оқылды

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрайымы қызметіне белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Гүлмира Исимбаева сайланды.

Гүлмира Истайбекқызы төртінші және бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты, алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, көптеген жылдар Алматы қаласының білім басқармасының бастығы болып істеген. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ректорат жиналысында Гүлмира Исимбаеваны директорлар кеңесінің төрайымы ретінде министрлік тарапынан жасалған ұсынысты қабылдағаны үшін рақметін айта отырып, оны директорлар кеңесінің төрайымы болып сайланғанымен құттықтады. Гүлмира Истайбекқызының заң шығару саласында, ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» заңдарын талқылау және оның қабылдау кезінде зор үлес қосқаны туралы ерекше атап өтті. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде жеті басымдықтың бірі ретінде Елбасы бастаған адами капиталды дамыту екендігін атап өтті. Сонымен қатар өнірлер арасында, әлеуметтік топтар арасында білім сапасының алшақтығын жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Ол тапсырмаларды орындау, әсіресе білікті мұғалім дайындау мәселесіне тікелей қатысты. Сондықтан Директорлар кеңесі университет ұжымымен бірлесе отырып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауда, университеттің әрі қарай дамуына өз үлесін қосады деп сенемін», – деді Гүлмира Исимбаева.