WhatsApp-пен қандай да бір құжат пен банктік картаның суретін жіберуге болмайды
WhatsApp-пен қандай да бір құжат пен банктік картаның суретін жіберуге болмайды
198
оқылды

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, құжаттар мен банктік карталардың суреттерін WhatsApp арқылы жіберу арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары алаяқтардан зардап шегуде.

Бұл жайында Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Қылмыстық полиция департаментінің Киберқылмыспен күрес орталығы басшысының орынбасары Рүстем Дүйсетаев хабарлады.

Интернетке қолжетімді жерлердегі, әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары желілік алаяқтардың қолынан зардап шегуде.

"WhatsApp арқылы жеке куәлік немесе несие карталарын суретке түсіріп жібермейтін бірде-бір адам жоқ шығар. Мұндайды мүлдем жасаумау керек", - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше жыл ішінде Интернетті қолданатын қылмыстар көбейіп кеткен. Биылдың өзінде мұндай қылмыстың 7 мыңнан астамы тіркелді. Оның ішінде 1 мыңнан астамы ашылып, 388 адам ұсталды. Олардың арасында 160-ы екі немесе одан көп интернет-алаяқтық жасағаны үшін ұсталды.