Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, құжаттар мен банктік карталардың суреттерін WhatsApp арқылы жіберу арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары алаяқтардан зардап шегуде.
Бұл жайында Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Қылмыстық полиция департаментінің Киберқылмыспен күрес орталығы басшысының орынбасары Рүстем Дүйсетаев хабарлады.Интернетке қолжетімді жерлердегі, әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары желілік алаяқтардың қолынан зардап шегуде.
"WhatsApp арқылы жеке куәлік немесе несие карталарын суретке түсіріп жібермейтін бірде-бір адам жоқ шығар. Мұндайды мүлдем жасаумау керек", - деді ол.
Оның айтуынша, соңғы бірнеше жыл ішінде Интернетті қолданатын қылмыстар көбейіп кеткен. Биылдың өзінде мұндай қылмыстың 7 мыңнан астамы тіркелді. Оның ішінде 1 мыңнан астамы ашылып, 388 адам ұсталды. Олардың арасында 160-ы екі немесе одан көп интернет-алаяқтық жасағаны үшін ұсталды.