«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігі циклонның әсерінен ауа райы құбылмалы болады.Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Оңтүстікте тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейеді деп күтілуде. Оңтүстікте желдің екпіні 30 м/с-ден асады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, желдің екпіні кей 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.Түркістан, Кызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.Қостанай, Солтүтік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының кей жерлерінде қалың тұман түседі.