Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, -деп хабарлады elbasy.kz. Кездесуде елорда әкімі Елбасыға қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. А.Көлгіновтің мәліметінше, 2020 жылы елорданы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша маңызды жобаларды іске асыру үшін 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Әңгіме барысында білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімі пандемия жағдайында елорданың шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтып берді.